Бұл халықаралық аренада ел намысын қорғайтын кәсіпқой спортшылардың ғана емес, спортпен айналысатын, оны өмірлік ұстанымына айналдырған барлық қазақстандықтардың мерекесі.
Алға қойған мақсатқа қол жеткізу, қиындықтарды еңсеру, нағыз эмоциялар мен батылдық, өзін-өзі таныту, арманның орындалуы - мұның бәрі спорт туралы.
Бүгінде Қазақстанда 7,5 млн-нан астам адам дене шынықтырумен және спортпен айналысады, 43 мыңнан астам спорттық ғимарат болса, оның 23 мыңнан астамы – ауылдық жерде орналасқан.
Жыл басынан бері ресми халықаралық турнирлерде отандық спортшылар 586 медаль жеңіп алды.
Спортшыларымыз бен барлық спорт әуесқойларына жеңісті сәттер көп болсын деп тілейміз!