Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптасқан. Бүгінгі таңда жүйеде 19,7 млн-нан астам еліміздің азаматтарының немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
Азаматтар қандай да бір өмірлік қиын жағдайға тап болған кезде олардың базада тіркелген ұялы телефон нөмірлеріне тиесілі қолдау шарасы көрсетілген SMS хабарлама жіберіліп, оған бірден жауап беру арқылы қызмет алу уақытын едәуір қысқарта алады. Ал өтінімді ресімдеу үшін ХҚКО немесе басқа мекемеге жүгіну қажет болмайды.
Жыл басынан бері 453 мыңнан астам хабарлама жолданып, оларға 180 мыңнан астам адам өтінішсіз өз төлемдері және жәрдемақыларын алды.
Осы немесе өзге де мемлекеттік қызметті проактивті түрде алуға мүмкіндік беретін SMS-тен басқа, ОЦК көмегімен зейнеткерлік жасына жетпей 2 ай бұрын зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы, берілген/ұзартылған «қандас» мәртебесінің аяқталу мерзімі туралы, сондай-ақ жұмыссыздарға жұмыс іздеу, тегін оқудан өту мүмкіндіктері және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы автоматты хабарламалар тетігі іске асырылды.
Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында тек 1414 Бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беріп, қосымша сұрақтар бойынша 1414-ке хабарласуға болады