Бүгінгі күні 18 мыңнан астам арыз келіп түсті. Арыздар негізінен е-Gov (94%) және e-Salyq Azamat (6%) мобильдік қосымшасы арқылы түсуде.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күн ішінде азаматтың келесі шарттарға сәйкес келуін тексереді:
банк, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыш 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспауы;
борыштың өтелмеу мерзімі он екі айдан асуы;
некеде бірге алынған мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (көлік, үй, жер тілімі, банктегі депозит және т.б.);
банкпен, МҚҰ-мен борыштар бойынша реттеу рәсімінің жүргізілуі.
Тексеріс автоматтандырылған нысанда тіркеуші мемлекеттік органдардың, банктердің және кредиттік бюролардың электрондық деректері базасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Алдын ала мәлімет бойынша, жекелеген азаматтардың келесі себептермен банкроттықты қолдана алмайтындығы анықталды:
- 12 ай ішінде қарыз ішінара өтелуі;
- борышкердің немесе зайыбының мүлкінің болуы;
- банкпен не МҚҰ реттеу рәсімін жүргізуі туралы құжаттың болмауы;
- жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігі;
- атаулы әлеуметтік көмекті 6 айда аз мерзімде алуы.
Ол азаматтардың телефонына 1414 қызметі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.
Егер мұндай хабарлама алынған болса, соттан тыс банкроттыққа қойылған өлшемдерге сәйкес келсе, 3 айдан кейін қайта өтінішпен жүгінуге болады.
Бас тарту себептерін жою үшін тиісті уәкілетті органга жүгіну қажет:
мүліктің болуы, заңды тұлғаларға қатысуы туралы – әділет органдарына (ХҚКО, «электрондық үкімет» порталы арқылы);
жер тілімі, ауылшаруашылығы жануарлары және арнайы техника бойынша – Ауыл шаруашылығы басқармасы (жергілікті әкімшілікке);
автокөлік құралдары бойынша – Ішкі істер басқармасына, Мамандандырылған ХҚКО;
жеке кәсіптің болуы бойынша – Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына;
кредит сомасы, қайтару мерзімдері бойынша – тиісті банкке, МҚҰ-ға немесе коллекторлық агенттіктерге. Егер банк не МҚҰ немесе коллекторлық агенттіктері тиісті құжат бермесе аймақтық Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бөліміне жүгінуге болады.
Егер борышкерге мүлкінің болуына байланысты соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға рұқсат етілмесе, ол тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану үшін жүгінуге құқылы (Заңның 6, 20-22 баптары).