Ерұлан Жамаубаев өз сөзінде республикалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 309 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар – 210 млрд теңгеге, салықтық емес - 94 млрд теңгеге асыра орындалғанын атап өтті. Атап айтқанда, салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы қосылған құн салығына тиесілі.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 107,3% - ке орындалып, 5,2 трлн теңгені құрады, яғни қосымша 354 млрд теңге түсті.
Мемлекеттік бюджет шығыстары 98% – ке, республикалық бюджет шығыстары 98,6% – ке, жергілікті бюджеттер шығыстары 96,4% - ке орындалды.
Сондай-ақ, 2022 жылы камералдық бақылаумен 11,8 трлн астам сомаға 545 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылып, 2 330 аудиторлық іс-шара өткізілгені атап өтілді. Тексеру қорытындысы бойынша 337 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 319 млрд теңгеге бұзушылықтарды жойылды.