Е.Жамаубаев өз сөзінде республикалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 72 млрд. теңгеге артығымен орындалғанын, оның ішінде салықтар 18 млрд. теңгеге артығымен орындалғанын атап өтті. Атап айтқанда, салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы ішкі тұтыну тауарларына қосылған құн салығына және шикі мұнайға экспорттық кедендік бажға келеді.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 113,3% - ке орындалды және шамамен 2,9 трлн. теңге, яғни қосымша 336 млрд.теңге түсті, оның ішінде салық бойынша – 318 млрд. теңгеге.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,7% – ке, Республикалық бюджеттің шығыстары 99,6% – ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98% - ке орындалды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 7 айында шамамен 7,3 трлн сомаға 342 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылғаны атап өтілді. 1 485 аудиторлық іс-шара өткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша 244 млрд.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 234 млрд. теңгеге бұзушылықтар жойылды.