«Бюджет процесінің маңызды құрамдас бөлігі Ұлттық қор болып табылады. Оның активтері ағымдағы жылдың 1 маусымында 27,6 триллион теңгені, оның ішінде валюта портфелі — 58,5 миллиард долларды құрады. Айта кету керек, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор 744 миллиард теңгеге өсті.
«Бюджет кодексіне Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін кезең-кезеңімен қысқарту және контрциклдық бюджеттік ережені қолдану бойынша түзетулер енгізілген. Бұл шаралар Ұлттық қор активтерінің жинақталуына және мұнайлық емес тапшылықтың біртіндеп төмендеуіне ықпал етеді» деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.