ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова осындай мәлімдеме жасады.
«Мемлекет кредит бағдарламаларынан нарықтық қағидаттарды қолдана отырып біртіндеп бас тартуы керек. 2021 жылдың басында үкімет, Ұлттық банк және агенттік арасында 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіруге қатысты келісімге қол қойылған. Құжат 2023 жылдан бастап Ұлттық банктің мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудан шығуын көздейді. 2021 жылы жеңілдетілген кредит, «Баспана хит» бағдарламаларын, ал 2022 жылы «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыру аяқталады деп жоспарланып отыр» деді ол.