RSS лента

Келесі жылы коронавирус вакцинасы мұрынға себілуі мүмкін

  • 14.05.2021, 01:18,
  • 997
  • 0
  • Автор:
Автор фото: coronavirus2020.kz

Ресейдің Гамалея атындағы орталығының ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы мұрынға себілетін вакцина 2021 жылдың соңында – 2022 жылдың басында клиникалық зерттеуге шығарылады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Препарат 2022 жылы тіркелуі мүмкін. Бұл туралы аталған орталық директоры Александр Гинцбург мәлім етті.

 

«Орталық COVID-19-ға қарсы вакцинаны жасау және жетілдіру бойынша бірнеше бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Бір бағыты – назальды вакцина жасау. Қазір оның клиникаға дейінгі зерттеуі жүргізіліп жатыр. Клиникаға осы жылдың соңында - келесі жылдың басында енгізуді, 2022 жылы зерттеу нәтижелері бойынша тіркеуден өткізуді жоспарлап отырмыз» деді ғалым.

 

Әзірге назальды вакцина екі мәрте жасалды деп болжанған, бірақ бір реттік болуы да ықтимал. Вакцинаның бұл түрінің артықшылығы – жанама әсері іс жүзінде болмайды.

 

Еске сала кетейік, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының ғалымдары өздері әзірлеген COVID-19-ға қарсы екі вакцинаны сынақтан өткізу кезеңі аяқталуға жақын екенін мәлімдеген болатын. Соның бірі – NARUVAX-C19/Nano – мұрынға тамызу арқылы берілетін вакцина. Бұған дейін хабарланғандай, Қытай ғалымдары мұрынға арналған спрей түрінде коронавирусқа қарсы вакцинаға клиникалық зерттеулер жүргізіп жатыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости