RSS лента

Қазақстанда көлеңкелі үкімет құрыла ма?

  • 23.01.2021, 21:29,
  • 866
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Бұл сауалға Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев жауап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 

«Көлеңкелі үкімет үшін бюджеттен қаржыландыру және арнайы заңнамалық реттеу қажет деген пікірмен келіспеймін. Себебі, көлеңкелі үкімет институты заңнамалық реттеу аясында емес, дәстүрлер мен саяси мәдениет аясында жатыр деп санаймын. Егер уәкілетті, маман адам пікір білдірсе, диалог та сапалы шығады. Бірақ ең алдымен ондай адамдар болуы керек. Сондықтан да алдымен сұрақты басқаша қою керек секілді: мұндай азаматтар бар ма? Алдымен ондай мамандар пайда болсын.

 

Қазір мен «маған ақша беріңіз, мен мынандай адамдарды жалдаймын, олар жұмыс атқарады» дегенді естіп жатырмын. Ең алдымен беделі мен сенімі бар азаматтар болуы керек. Қаржы мәселесін содан кейін ғана көтеруге болады. Бәлкім, ол адамдар ешқандай жалақыны қажет етпейтін шығар. Бізде өздері мәселені зерттеп, пікір білдіретін және үлкен сенімге ие сарапшылар бар. Себебі, оларға бұл іс қызық» деді ол.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін "Ел бірлігі" атты тіркелмеген партияның ұйымдастыру комитетінің төрағасы, мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев Қазақстанда халықтық көлеңкелі үкімет құруды ұсынды. Оның айтуынша, баламалы министрлер кабинетін ел бюджеті есебінен қаржыландыру керек.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости