RSS лента

Нұрсұлтан Назарбаев: "Оппозиция болуы керек..."

  • 16.12.2020, 01:48,
  • 749
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Елбасы "Штрихи к портрету" деректі фильмінде оппозиция жайында ой қозғайды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


«Оппозиция болуы керек. Бірақ ол конструктивті оппозиция болуға тиіс. Неге «конструктивті» деп отырмыз? Себебі біз әлі жас әрі тәуелсіз мемлекетпіз. Барлығы әлі толық қалыптасқан жоқ. Сосын айналамызда ірі көршілеріміз бар. Олар да ықпал ете алады. Тұрақсыздық орнаса, осы уақытқа дейін қол жеткізген нәрсеңнен әп-сәтте айырылып қаласың.

 

Ал саяси оппозиция мемлекеттің өсуімен бірге қалыптасады. Оны қолдан жасай салуға болады. Мысалы, мен бір топ адамды жинап, оларды «оппозиция» деп жарияласам, болмайды ғой. Біздің еркін әрі демократиялық мемлекет екенімізді түсінемін. Олай болса, әртүрі ой мен пікір болуы керек

 

Мынаны дұрыс істемедіңіз, оны былай жасау керек деп айтса дейсің. Оппозиция деген сол. Бір үстелге отырып, бәрін талқылауға болады. Бірақ бұндай оппозиция болған жоқ» деді Елбасы.

Оставить комментарий
Последние новости