Бұл туралы заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусиннің айтуынша, ведомство осы заң жобасын 2021 жылдың 26 қарашасына дейін қолданысқа енгізіп, қорытынды жасауға дайын.
Заң жобасының ережелері шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көліктерге қолданылмайды. Оларда барлық құжаттар болуы керек – жүргізуші куәлігі, техникалық куәлік және жеке басын куәландыратын құжат.
Бұған дейін Қазақстанда жүргізушілерді жүргізуші куәлігін алып жүру міндетінен босатуды жоспарлап отырғаны туралы хабарланған болатын . Оларда тек жеке басын куәландыратын кез-келген құжат болуы керек.