Барлығы 11 199 өтініш түсті:


  •  денсаулық сақтау - 3096;
  • білім беру – 3943;
  • мәдениет – 453;
  • спорт - 136;
  • ЖОО мен ҒЗИ – 1208;
  • әлеуметтік сала - 1384;
  • БАҚ - 187;
  • құқық қорғау органдары - 792.


2 маусымда барлық өтініштер мен құжаттарды қарау басталды. 20 жұмыс күні ішінде өтініштердің бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Осыдан кейін әр сала бойынша ең көп ұпай саны бойынша тізім жасалады:


- тіркелген некеде әр жыл үшін – 1 балл;

- 1 (бір) бала болған жағдайда – 1 балл;

- осы санаттағы (саладағы) жұмыс өтілінің әр жылы үшін-2 балл;

- ХӘОТ тиесілілігі үшін-5 балл.


         Ашықтық пен әділдік үшін резервке енгізілген және қабылданбаған қатысушылардың тізімі сайтта жарияланады.

        

Іріктелген үміткерлер жеке кабинетінен «Отбасы банк» АҚ-ға жолдама беріледі. 15 жұмыс күні ішінде олар төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіне алады.

Төлем қабілеттілігін растаған қатысушылар 45 күнтізбе ішінде бастапқы немесе  екінші нарықтағы тұрғын үйді таңдауы тиіс.

       

Тұрғын үйге арналған құжаттар тұрғын үй заемын беру мүмкіндігін қарау үшін «Отбасы банк» АҚ-ға ұсынылады.