RSS лента

Елімізде 32 педофил бостандыққа шығады

  • 07.06.2021, 13:16,
  • 697
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Педофилдік әрекеті үшін сотталған 32 адам жыл соңына дейін бостандыққа шығады. Оларға қатысты химиялық кастрация қолданылмайды. Себебі, олардың бәрі елде Заңға тиісті түзетулер енгізгенге дейін сотталған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Құқық қорғаушылар мен психологтар Қазақстанда осы санаттағы қылмыскерлер босатылғаннан кейін оларды бақылау немесе олармен жұмыс істеу бойынша бағдарлама әлі жоқ деп дабыл қағуда. Тек өткен жылдың өзінде Қазақстанда, Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетінің деректері бойынша, баланың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы 300-ден астам қылмыс тіркелген. Бұл тек белгілі болған фактілер.

 

Көп жағдайда ата-аналар жариялаудан қорқып, болған жағдайды мәлімдемейді. Психологтарға да сирек жүгінеді. ІІМ айтуынша, 80% педофил, отбасы мүшелері немесе соларға жақын адамдар болып шығады. Себебі, ата-аналар оларға сенеді, балалар да қорықпайды.

 

Психологтар сотталған педофилдің бостандыққа шығып, бір жыл ішінде тағы да қылмыс жасау қаупі тым жоғары, деп ескертуде. Бұған стаитсика да дәлел болып отыр. Қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарында тиісті бап бойынша 2 мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр, олардың 20%-ы педофил-рецидивистер.

 

Қоғамдық ұйымдар да осы санаттағы қылмыскерлермен жұмыс істеуден бас тартады. Себебі, Қазақстанда бостандыққа шыққандарды сүйемелдеу бойынша арнайы бағдарлама жоқ. Бас бостандығынан айыру орындарындағы психологтардың жұмысы көбінесе тиімсіз. Жазасын өтегендерді оңалту бағдарламасы болмаса, жағдай ушығуы мүмкін. Психолог Ержан Базарбаевтың пікірінше, екінші рецидив әлдеқайда қауіпті. Себебі, қылмыскер қоғамның қалай әрекет ететінін түсінеді, бірінші әрекетінде жіберген қателіктерді жібермеуге тырысады. Бұл мәселені кастрация арқылы ғана шешу мүмкін емес, дейді мамандар.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости