«Бұл ретте сыйақы мөлшерін төмендету мәселесі қарастырылады, төлемді кейінге қалдыру мәселесі және қарыз мерзімін ұлғайту мәселелері қаралуы мүмкін. Сондай-ақ ипотека нысаны болып табылатын жылжымайтын мүлікті өз бетінше сату туралы шешім қабылдануы мүмкін. Егер қарыз алушы қарыз шарттары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, ол арызын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы. Азаматтар осы процедурадан өткеннен кейін ғана арыз бере алады. Толық ақпаратты 1459 нөмірі арқылы немесе Fingramota мобильдік қосымша арқылы алуға болады», - деді вице-министр.


Бұл рәсім Мемлекеттік кірістер органдарымен (аудандық басқармаларымен) жүргізілетін болады. Арызды азамат «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, яғни E-gov және «E-salyq Azamat» қосымшасы арқылы онлайн түрде арыз беруге болады.