Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов осындай көрсеткішті атап өтті. Қазіргі уақытта қарыз алушылардың жалпы саны шамамен 449 мың адамды құрайды. Адамдарға мерзімі өткен несиелерді өтеуге мүмкіндік беру үшін сотқа дейінгі реттеу рәсімі бар. Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, ол 2021 жылы қабылданып, өткен жылы қолданысқа енгізілген. Осы рәсім шеңберінде несие төлеу мерзімі өткен 30 күн ішінде қарыз алушы қаржы ұйымына, банкке жүгінеді және банк 15 күн ішінде қарыз алушының қарызды қайта құрылымдау жөніндегі ұсыныстарын қарауға тиіс.
«Екінші: қарыз алушылар несие кепілге қойылған пәтер немесе ипотека құнының 10%-дан азын құраса, кепілді басқа түріне ауыстыруға құқылы және бұл заңнамалық жаңалық былтыр енгізілді. Бұл басқа объект, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, мысалы, машина болуы мүмкін. Сондай-ақ өткен жылы ипотекалық қарыз алушылардың құқықтары заңмен күшейтілді. Біріншіден, егер сотқа дейінгі тәртіп жүргізілмесе, қарыз алушы Қаржы нарығын реттеу агенттігіне жүгінуге құқылы және біз банктің қарыз алушының әлеуметтік және қаржылық жағдайына қаншалықты сапалы талдау жүргізгенін, қайта құрылымдау тетіктерін ұсынғанын қосымша қарастырамыз. Екіншіден, егер өтелмеген несиенің құны кепілдің 15%-нан азын құраса, мұндай берешек заңнамалық тұрғыдан маңызды емес деп танылады. Бұл жағдайда банк тұрғын үйді сата алмайды. Үшіншісі, қарыз алушыға өз бетінше сату құқығы беріледі, ал сату құны кепілдің нарықтық құнының 70%-нан кем болмауы керек. Бұдан әрі сот арқылы іске асыру рәсімі басталады, оның шеңберінде банк кепілге қойылған тұрғын үйді тек сот арқылы сатуға құқылы», - деді спикер.
Сонымен қатар Агенттік әлеуметтік осал азаматтар санатындағы қарыз алушылардың құқықтарын қорғау бойынша қосымша жұмыс жүргізілуде. Олар үшін 2015 жылдан бастап ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда.
«Осы бағдарлама аясында 9,5 мыңға жуық азаматтың борыштық жүктемесі толығымен немесе ішінара азайтылды. Былтыр аталған бағдарламаны осы жылдың шілдесіне дейін ұзарту туралы шешім қабылданды, оның шеңберінде әлеуметтік осал санаттағы 976 мыңға жуық ипотекалық қарыз алушыларға қосымша қаржылық қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз», - деді спикер.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі тараптардың – кредитордың да, борышкердің де келісімі бойынша сотта қабылдануы мүмкін бірқатар іс-шараларды көздейді. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов кейбір әдістерге тоқталды.
«Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасы кезінде қарыздың бір бөлігін есептен шығару – несие беруші мен борышкердің өзара түсіністік орнату әдісі. Яғни, несие беруші қарыздың бір бөлігі есептен шығарылады деп айтуы мүмкін, ал бұл борышкердің қарызды 5 жылда өтеу мүмкіндігін жеңілдетеді. Бұл қарызды азайтып, келісімге қол жеткізудің бір жолы. Бұдан басқа да құралдар бар. Мүліктің бір бөлігін жалға беруге, яғни, қосымша табыс табуға болады. Сондай-ақ бұл сотта талқылануы және қарызды өтеу кестесінде көрсетілуі мүмкін», - деді спикер.