RSS лента

Елімізде алғаш рет биатлоннан Әлем чемпионаты өтеді

Автор фото: ortcom.kz

Биыл 4-12 наурызда Қазақстан тарихында алғаш рет жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында биатлоннан Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Онда 41 мемлекеттің спортшылары күш сынасады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлімдеді.


«Әлем чемпионаты Ақмола облысының Бурабай қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы биатлон стадионында өтеді. Бурабай өңіріне әлемнен шамамен 800 жуық қонақ келеді, оның ішінде 500-ге жуығы спортшы. Еліміздің жеткіншектер мен жасөспірімдер ұлттық құрама командасы ақпан айында өтетін ҚР кубогінің қорытындысы бойынша жасақталады», - деді комитет төрағасы.



Сондай-ақ ол 2018 жылы ашылған қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының стадионы Халықаралық биатлон федерациясында сертификаттаудан өтіп, халықаралық жарыстарды өткізу үшін жоғары санаттағы лицензия алғанын атап өтті.


Чемпионат трансляциясы көрсетіледі.

Оставить комментарий
Последние новости