RSS лента

Бірқатар қалада жеңілатлетикалық манеждер салынып жатыр

Автор фото: ru.freepik.com

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуандық Ержанов елімізде жеңіл атлетиканың дамуы туралы айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазақстандық жеңіл атлетика тарихы бай. Елімізде жеңіл атлет Ғұсман Қосановты еске алуға арналған жыл сайынғы турнир, Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған халықаралық жарыс, басқа да ірі спорттық іс-шаралар өткізіледі. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Ольга Шишигина, Карпов Дмитрий және Ольга Рыпакова Олимпиада ойындарының тұғырына көтеріліп, елімізді бүкіл әлемге танымал етті.

 

    «2023 жылы қазақстандық спортшылар Астанада өткен Азия чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды. Команда 2 орын алды. Бұл спорттың дамуына үлкен серпін берді», - деді спикер.

 

Қазіргі уақытта Жеңіл атлетика федерациясы Қазақстанның бірқатар қалаларында жеңіл атлетика манеждер салып жатыр. Спорттық нысандар Павлодар, Ақтөбе, Талдықорған және Алматыда бой көтереді.

 

Сондай-ақ биыл елордада жеңіл атлетика манежі базасында мамандандырылған балалар спорт мектебі ашылады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости