Шеру бірлік пен ұлтаралық татулықты дәріптеп, Қарағанды, Алматы, Бішкек, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал қалаларында болған.
– Бұл – халықаралық шеру болғаннан кейін мемлекет қаражатына емес, халықтың қаржылық қолдауымен өтіп жатыр. Біздің мақсатымыз – бірлік пен бейбітшілікті дәріптеу. Барған барлық қалада бізді ойдағыдай қарсы алып жатыр. Шерудің алғашқы этапы аяқталғаннан кейін келесі сапарға дайындаламыз. Еуропа мен Азияның 17 елін аралаймыз, – деді «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруінің атқарушы директоры Руслан Абдуллин.
«Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі шілденің соңында Владикавказда аяқталады. Бұл шеруге қатысушылар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Башқұртстан Республикаларының азаматтарынан құралған.