Министрліктің айтуынша, ел намысын география пәнінен республикалық олимпиаданың 4 жеңімпазы қорғаған. Олар 3 тур бойынша жарысты: жазбаша тест, мультимедиялық тест және практикалық тапсырма.
Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша медальдар қоржыны 2 жүлдемен толықты:
Алтын – Санжар Хамитов – Ақтөбе қаласындағы НЗМ 11 сынып оқушысы;
Қола - Арсен Сыдықов –Шымкент қаласындағы НЗМ 10 сынып оқушысы.
Айта кетері, IGeO алғаш рет 1996 жылы Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен Гаагада өткізілген болатын. Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып, барлығы 3 алтын, 1 күміс және 4 қола жеңіп алды.