Жарысқа әлемнің 20 елінен 700-ден астам бала қатысты.
Қарағандылық JelToqSun командасы жел электр станциясының жобасын дайындап, Champions Award негізгі номинациясында қола жүлдені жеңіп алды.
«Біз чемпионатқа 6 айдан астам дайындалдық. Үш күнге созылған жарыс біз үшін өте қызық болды. алғашына қобалжығанмен ішкі қорқынышты жеңіп, өз қабілетімізді көрсете алдық. Біз Роботтар ойынында көшбасшылар қатарында болдық. Инновациялық жобаны таныстырып, өзііміздің ұйымшылдығымызды көрсете білдік», - деп атап өтті «Мұрагер» мектебінің 8-сынып оқушысы Акбар Ермеков.
Шымкенттік "Cluthc" тобы Innovatoin Project Award номинациясында үздік үштікке ілініп, қола жұлдеге ие болды. Олар жел генераторы мен күн панельдерінен алынатын электр энергияны сақтауға мүмкіндік беретін инновациялық жоба ұсынған болатын. Жел электр станциясы дайындаған қарағандылық "JelToqSun" командасы ел тарихында алғаш рет жарыстың Champions Award басты жүлдесінің 3-орнына қол жеткізді.
Байқау арасында студенттер MIT, Бостон университеті және Гарвард сияқты беделді оқу орындарының инженерлік бөлімдерінде болып, профессорлар құрамымен танысты.