RSS лента

Балқан математикалық олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль еншіледі

  • 15.05.2023, 15:28,
  • 416
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

40-шы Балқан математикалық олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль еншіледі, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

40-шы Балқан математикалық олимпиадасы Түркияның Анталия қаласында өтіп, Балқан түбегінің 22 елінен және қонақ мемлекеттерден 130-дан астам оқушы қатысқан.


Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан атынан барған 6 оқушы да медальға ие болды.


Олар:
Байшуак Райымбек – Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 11 сынып оқушысы;
Юркевич Мирон - Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;
Жан Даутов – Қостанай облысы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
Марғұлан Шарел– Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы;
Нағашыбек Мухаммед – Астана қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
Владимир Роговский – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости