RSS лента

Юбка киген оқушы бала 11 қабаттан секіріп кетті...

  • 29.10.2021, 21:00,
  • 824
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: nis.edu.kz

8-сынып оқушысы Сергей Кимнің әкесі Виктор Ким Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылығына мәлімдеме жасап, отбасында болған қайғылы жағдайға, туыстары мен жақындарының көңіліне түсіністікпен қарауды сұрайды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

"Менің ұлымның атын пайдаланбауды және әлеуметтік желілердегі кез-келген іс-шараларды, акциялар мен жазбаларды, соның ішінде юбка киюді насихаттауды тоқтатуыңызды сұраймын" деп жазды Виктор Романович.


Сонымен қатар, отбасы оқушыға қысым көрсету және оның психологиялық мәселелері туралы барлық болжамдар мен айыптаулардың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті, Сергейдің ата-анасының мектеп басшылығына, сондай-ақ куратор мен психологқа шағымдары жоқ.


Айта кетейік, дербес білім беру ұйымы 2021 жылғы 27 қазанда Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысымен кешкі және сабақтан тыс уақытта үйде болған жазатайым оқиға фактісін растады. 


Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, мектепте оқушылар "Гарри Поттер" тақырыбындағы көрініс қойған. Осы кезде сегізінші сынып оқушысы әзіл ретінде белдемше киген. Оқушының бұл қылығы кураторға ұнамай, ашуын тудырады. Бұдан соң мұғалім оны ұрсып, психологқа сүйреп апарған. Маманмен сөйлескеннен кейін оқушы 11 қабаттан секіріп кеткен. Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп әкімшілігі болған жағдайды растады.


"27 қазан күні 8-сынып оқушысы оқудан тыс кезінде жазатайым жағдайға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың және басталған тергеудің мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты бере алмайтынын хабарлайды" делінген хабарламада.


Алматы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт ҚР ҚК 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаның себебі мен мән-жайы өндіріс барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости