Бірінші желтоқсанға Зияткерлік мектептер желісінде ауқымды бағдарлама жоспарланған. Мерекелік марафонды алғашқылардың бірі болып Өскеменде «Елбасы сүйген ел әні» бейнечелленджбен бастады, кейін эстафета Қарағандыдағы және Петропавлдағы Зияткерлік мектептерге жолданды.⠀
Оралда «Президенттің бастамалары» тақырыбындағы NIS Tallks мәжілісі өтті. Қостанайда «Елбасының кітаптары» атты виртуалды көрме әзірленуде. Қызылордадағы зияткерлік ойынға оқушылармен біргек олардың ата-аналары да қатысатын болады. Павлодарда «Замандастар жырлары» жобасы аясында дикторлар клубы көркем оқудан «Тәуелсіз елдің ұландары» байқауын ұйымдастырмақ.⠀
Талдықорғанда кездесуге Алтын домбыраның екі дүркін иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жандарбек Бұлғақов шақырылды. Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектепте «Елбасы – Мәңгілік ел көшбасшысы» атты онлайн конференция өтеді.
Ал Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас тілшілері Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы ізімен» атты деректі-танымдық телехабарларды дайындауда. Мұнда оқушылар Елбасының Тәуелсіздік жылдарында өңірге жасаған іс-сапарлары туралы репортаждар әзірлеп мемлекет басшысы іске қосқан нысандардың 10-20 жылдан кейінгі көріністерін таныстыруда.
Сондай-ақ 1 желтоқсан және Тұңғыш Президент күні мен 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Атыраудағы Зияткерлік мектепте Елбасының өмір жолына арналған онкүндік өтіп жатыр.
Барлық Зияткерлік мектептерде «Бүгінгі шаңырақ көшбасшылары – болашақ ел көшбасшылары» көшбасшылар форумы мен «Әлем таныған Елбасы» TEDx конференциялары, «Қазақстандық жол. Н.Назарбаев» виртуалды экскурсиялар мен «Ел тірегі – Елбасы» кітап көрмелері, «Елбасының қолтаңбасы» эссе және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» сурет байқаулары, қайырымдылық акциялары, спорттық эстафеталар мен тимбилдингтер, «Елімнің бағы – Елбасы» атты концерттер мен өзге де шаралар жоспарланған.