"Жинақта оқу орнында атқарылған ауқымды жұмыстар мен жетістіктер де топтастырылған. Кітап "Тарих. Таным. Таразы", "Парасат мектебі: бүгіні мен болашағы", "Тұлғалар", "Ғалымдар", "Ұстаздар" және "Ақын-жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері" атты бөлімдерден тұрады. Азаматтық келбеттері оқырман назарына ұсынылған түлектердің қатарында Күләш Құнантаева, Шәмша Беркімбаева, Оразкүл Асанғазы, Асылы Осман, Ақұштап Бақтыгереева сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері бар" деп атап өтті аталған жинақтың құрастырушысы және бас редакторы Жандар Асан.