Президенттің айтуынша, атыс салдарынан жеті бала мерт болған. Қаза тапқандардың барлығы сегізінші сынып оқушылары: төрт ер бала мен үш қыз бала. Сондай-ақ бір мұғалім және мектеп қызметкері көз жұмған. Балалар ауруханасында 18 бала жатыр. Олардың кейбіреуі оқ жарақатын алған. Екі жасөспірім №7 қалалық ауруханада және республикалық клиникалық ауруханада жатыр.
Еске сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырған болатын. Бұған дейін атыс кезінде 8 адам қаза тауып, тағы 21 адам зардап шеккені хабарлаған еді.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы гимназияда ресейлік оқушылардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Қайғылы жағдайға байланысты Татарстан Президенті Рустам Минниханов 12 мамырды республикада аза тұту күні деп жариялаған болатын.