«Терезенің ашық қалуынан 2-7 жас аралығындағы балалар жиі құлайды. Өйткені, олар терезенің алдында ойнау қауіпті екенін ескермейді. Ал, ата-аналар осындай жастағы балаларды қараусыз қалдырады. Мәселен, 27 наурызда бес жасар бала 4-ші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Оны ата-анасы терезесі ашық тұрған бөлмеде жалғыз қалдырған.
Қазір жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасында емделіп жатыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.