Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Құрманғазы ауданына сапарлап, ауданның тыныс-тіршілігімен және түйткілді мәселелерімен танысты. Сол кезде Азғыр ауылының алты жасар баласы әкімнің алдына шығып жылдар бойы шешілмей келе жатқан жол мәселесін қозғады. Өз кезегінде өңір басшысы жол салу жұмыстарын жедел бітіруге күш салатынын жеткізді.