RSS лента

Өзбекстанда коронавирус балалар арасында көбеюде...

  • 09.05.2021, 03:22,
  • 593
  • 0
  • Автор:
Автор фото: coronavirus2020.kz

Өзбекстанда балалар арасында КВИ жұқтыру оқиғасы көбеюде, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасай отырып.

«Бізде 160 орындық екі балалар бөлімі ашылған. Қазір бізде 125 бала ем алуда. Пневмониямен ауырып жатқандар да, жағдайы нашар балалар да бар. Егер жұқтыру қарқыны алдыңғы жылдағыдай болса, ауруханада тағы мың орын дайындалған, бұл – бөлек екі блок. Олар аппаратурадан бастап керек медициналық қызметкерлерге дейін толық жасақталған» деді Ташкент облысының Бірінші Зеңгіата мамандандырылған көпбейінді ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Петр Комиренко «Өзбекстан 24» телеарнасына білдірген пікірінде.

 

 

Оның айтуынша, вирустың жас адамдарға да жұғуы артып келеді. Еске сала кетейік, өзбек дәрігерлерінің хабарлауынша, республикада 20-45 жас аралығындағы науқастар саны екі есе артқан. Бұдан бөлек, Ташкентте студенттер, мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі мекемелер тәрбиеленушілерінің арасында жұқтыру оқиғаларының көбеюіне байланысты мамыр айының басында 200 оқу орны карантинге жабылған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости