RSS лента

Министр наурыз бен сәуірде 20 мыңға жуық адам коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты

  • 05.03.2021, 01:46,
  • 1 127
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Көктемде коронавирусты қанша адам жұқтыруы мүмкін? Бұл сауалға еліміздің Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Жалпы, ақпан айындағы көрсеткіштерге қарап, наурыз және сәуір айларында 15 мыңнан 20 мыңға дейін науқас тіркеледі деген болжам жасап отырмыз. Бірақ тағы айтайық, барлығы өзімізге байланысты. Наурыз айында өзіміздің ұзақ мейрам-тойларымыз болады. Сол кезде барынша сақ болуымыз қажет.

 

Мысалы, жаңа жылдан кейін екі апта өткен соң, бізде науқастардың саны көбейді. Сондықтан халыққа тағы ескерту жасағымыз келеді. Үлкен той жасамаңыздар. Тек өз отбасыңызбен ғана болыңыздар. Бетперде тағып, арақашықтықты сақтау қажет» деді ол.

 

Еске сала кетсек, Қазақстанда барлығы 214 806 адам коронавирус жұқтырса, 2777 науқас көз жұмды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости