Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.
«Ұсынылған екі формат та қарастырылып жатыр. Біріншіден, дәстүрлі түрде ашық таза ауада 9 және 11-сынып оқушылары үшін, сондай-ақ 300-ге дейін оқушысы бар әрі осы уақытқа дейін штаттық режимде оқытып келе жатқан мектептер өткізе алады. Сонымен қатар, екінші нұсқа ұсынылып отыр, яғни сынып ішінде немесе онлайн түрде өткізу қарастырылған. Қажет деп санаса, сынып ішінде өткізу нұсқасы ұсынылады. Ал қашықтан оқытып жатқандар үшін соңғы қоңырау мерекесі онлайн режимде болады» деді Шолпан Каринова министрліктің аппарат жиналысында.
Сондай-ақ, ол оқу жылының аяқталуына байланысты педагогикалық қағидатты сақтау үшін әртүрлі сыйлықтарды алуға рұқсат етілмейтінін еске салды.