Сот баспасөз қызметінен білгеніміздей, талап қоюшының мұздатқыш камераны 635 мың теңгеге сатып алғаны анықталды. Алайда, үйге жеткізілген кезде сатып алушы тауардағы бірнеше ойықтарды байқаған.
Талап қоюшы ойықты бейнекамераға түсіріп, сатушыға тауарды ауыстыру туралы өтінішпен жүгінген. Алайда, сатушы тауардың сыртқы түрі үшін дүкен жауап бермейтінін айтып, оны ауыстырудан бас тартқан.
Сотта сатып алушы тұтынушы құқығы бұзылғанын, дүкен заң бойынша пайдаланылмаған тауарды ауыстыруға міндетті екенін атап көрсетті.
Сарапшы қорытындысына сәйкес, тауар механикалық зақымданған, яғни тасымалдау кезінде соғылған болуы мүмкін.
Сот сапасыз тауарды жарамды тауарға ауыстыруын міндеттеу туралы талап қою іс мән-жайларына қайшы келмейтінін және талап қоюшымен ұсынылған дәлелдемелермен расталатынын анықтады.
Сот талап қоюшының талабын негізді деп санады.
Сот ЖШС-ні құны 635 мың теңге болатын мұздатқыш камераны осыған ұқсас жарамды тауарға ауыстыруға міндеттеді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.