Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2021 жылғы 1 қазанда жауапкер үйінің ауласында тұрған «Skoda Oktavia» маркалы қызметтік көлігі өртенген. Бұл автокөлік Индер ауданы полиция бөлімінің бұйрығымен Индер ауданы полиция бөлімінің жол және техникалық инспекциясының аға инспекторына бекітілген. Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, автокөлікті өртеген адам анықталмаған. Қызметтік тексеріс жүргізу нәтижесінде Департамент бастығының бұйрығымен жауапкер арнаулы атағын төмендету түріндегі тәртіптік жазаға тартылған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, «Skoda Oktavia» маркалы автокөлігінің орташа нарықтық құны 4 209 263 теңгені құраған, ал аталған автокөліктің өртенгеннен кейінгі жарамды бөлшектерінің құны 841 247 теңгені құраған.
Талап қоюшы сотқа талап арызбен жүгініп, жауапкерден материалдық шығынды жергілікті бюджетке өндіруді сұраған.
Атырау облысы Индер аудандық сотының шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден мемлекет пайдасына 1 500 000 теңге залал, 45 000 теңге мемлекеттік баж, 131 403 теңге сараптама шығыны өндірілген. Талап қоюшының 2 709 263 теңге талап қоюынан бас тартылған.
Сот алқасы істі сот шешімінің күшін жоюды сұраған жауапкердің шағымы бойынша қарады, онда тараптар арасында материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасақталмағаны көрсетілген.
Сот алқасы талап қоюшымен автокөліктің қалдық құны 3 180 000 теңге туралы растайтын дәлелдемелер бірінші саты сотына талап қоюшымен істі қарау барысында ұсынылмауына және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам анықталмауына байланысты, сот шешімінің күшін жойып, талап қоюшының талабын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдады.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, жаңа шешім шығарылды, талап қою қанағаттандырылудан бас тартылды. Полиция қызметкерінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылды.