RSS лента

Атырауда жұрттың ашуына тиген барымташылар қолға түсті

  • 18.03.2021, 10:16,
  • 701
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бүгін Индер аудандық полиция бөлімінің бастығы Берік Джанзаков Елтай ауылында болып, жергілікті тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу және жайылымдарға малды қараусыз жібермеу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Atr.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Индерде жыл басынан бері тіркелген екі қылмыс Батыс Қазақстан облысының Тайпақ, Жанғала аудандарының аумағында орын алған. Жайылымда ірі қараны атып өлтіріп, ұрлағандарды индерлік тәртіп сақшылары көрші өңірдегі әріптестерімен бірігіп жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде анықтады. Қазір қылмысқа күдікті Батыс Қазақстан облысының 3 адамынан құралған топ ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Сонымен қатар, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев өткен аптада Индер, Махамбет және Исатай аудандарында болған жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен кездесіп, аудандардағы мал ұрлығы мәселесін де талқылаған еді. Қазіргі таңда, мал ұрлығының басты себебі жайылымдарда ірі қара малдың қараусыз жүруі екендігі айтылған. Өз кезегінде тұрғындар жердің құнарсыздығы салдарынан малдың көрші аудандар мен облыстарға ығып кететіндігін жеткізген еді.

 

Айта кетейік, 2020 жылғы  30 қазандағы  Атырау облысы Мәслихатының шешімімен «Атырау  облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы  жануарларын жаюдың Қағидалары» бекітілген болатын. Соған сай, малды қадағалаусыз, өз бетімен  жайылымға жіберіп жаюдың  155 дерегі анықталып,  олар  ӘҚБтК-тің 408-бабына сай әкімшілік  жауапкершілікке тартылды. 

 

Сондай-ақ, мал ұрлығымен айналысқан Құрманғазы, Қызылқоға аудандарында 6 және 4 адамнан тұратын 2 қылмыстық топ, олардан басқа 17 азамат ұсталып, олардың 11 мал ұрлығына қатысы  дәлелденіп, 61 мал иелеріне  қайтарылды.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости