RSS лента

Құлсарыда дәрігерлерді пәтерден шығарып жатыр...

  • 28.09.2022, 01:19,
  • 615
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырау облысы Жылой ауданының әкімдігі Құлсары қаласындағы дәрігерлерді қызметтік баспанадан шығаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Шенділердің сөзінше, дәрігерлер қызметтік пәтерлерін жалға беріп келген. Бұл туралы Stan.kz жазады. Әкімдік мәліметінше, тексерік кезінде екі дәрігердің қызметтік пәтерде тұрмайтыны анықталған.

 

"Жылыой ауданы әкімінің Құлсары қаласында халықпен кездесуі барысында Ұ.Әбдірахманов көшесінің тұрғындарынан дәрігерлер мен мұғалімдерге берілген қызметтік пәтерлердің үшінші адамдарға жалға берілгені туралы арыз-шағым түсті. Тұрғындардың өтінішіне байланысты аудан әкімі Жұмабек Қаражанов "Жылыой аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жоғарыда аталған жағдай бойынша тексеру жүргізуді тапсырды. Тексеру қорытындысы бойынша қызметтік пәтер берілген екі дәрігердің онда тұрмайтыны анықталды. Пәтерлер үшінші адамдарға жалға берілген” делінген хабарламада.

 

Аталған дерек бойынша азаматтармен түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Кейін қызметтік пәтерлер Жылыой аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі қайтарылған. Қызметтік баспана дәрігерлерге Жылыой орталық аудандық ауруханасынан берілген болатын.

 

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында дәрігерлер қызмет пәтерінен шығарылып жатқаны туралы хабарлаған едік. Үйді босатуға ақ халаттыларға 1 ай уақыт берілген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости