«Қазіргі уақытта бүлдіршінге қысым көрсеткен тәрбиеші ісі құзырлы органдар бақылауында» деп хабарлайды Жылыой аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқиға 29 наурыз күні орын алған. Әлеуметтік желілерде тараған видеода Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кентінде орналасқан «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісінің 4 жасар бүлдіршіннің шашынан тартып, сүйреу фактісі анық көрінеді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша «Атырау облыстық Жылыой аудандық білім бөлімі» мекемесі тексеру жүргізуде.
Осыған байланысты, мекеме тарапынан құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар, Жылыой аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 140 бабы, 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.