Ағымдағы жылдың 30 қазанында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ “102” жедел арнасына қаланың 18 жастағы тұрғыны жүгініп, 30 қазанда түнгі уақытта белгісіз біреу үйінің жанында тұрған оның “Nissan” автокөлігін өртеп жібергенін хабарлаған. Келтірілген залал 1 150 000 теңгені құрады. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
– Тергеу амалдары барысында қаскөй жәбірленушінің әкесімен бірге үйде ішімдік ішкені анықталды. Ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал орын алған, ол жанжалдан әкесін қорғап 18 жастағы жәбірленуші араласып, қонақты бір рет ұрған. Осы соққының салдарынан 35 жастағы ер адам ашуланып, көшеге шығып, темекі шегіп, оның тұқылын жәбірленушіге тиесілі “Nissan Presea” автокөлігінің салонына лақтырып, одан әрі ашуланып қоршаудан шыққан соң сол жерде тұрған “ВАЗ-2199” және “Nissan Presea” маркалы тағы екі көліктің терезелерін сындырып кеткен. Содан кейін мас күйінде өзінің автокөліне отырып, үйіне бара жатқанда оны патрульдік наряд тоқтатып, полиция бөліміне жеткізді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабының 1-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.