RSS лента

"Қоңырау шаламын деп телефонымды ұрлап кетті"

  • 14.08.2021, 05:33,
  • 770
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Ер адам шымкенттіктің ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап, ұрлап кетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жергілікті полиция департаментінен білгеніміздей, 13 тамызда Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында 2021 жылдың 22 шілдесінде сағат 14-00-де Шымкент қаласы “Атлант” сауда үйінің алдында белгісіз тұлға қоңырау шалуға ұялы телефонын сұрап, ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.


Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторларымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 22 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости