[media=https://youtube.com/shorts/OtAM2SjyQfg?feature=share ]
30 қыркүйек күні сағат 13:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына 44 жастағы азаматша қоңырау шалып, 22 қыркүйек күні сағат 17:00-18:00 аралығында белгісіз адам аула ішінде тұрған “Phoenix” маркалы велосипедін ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама берген.
Хабарлама бойынша оқиға орнына дереу жеткен №27 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары тексеріс кезінде жарты сағаттың ішінде “ізін суытпай” велосипедті ұрлап кеткен 35 жастағы қала тұрғынын анықтап, жедел-тергеу тобына тапсырды. Қазіргі уақытта аталған азаматқа қатысты тергеп тексеру амалдары жүргізіліп, басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.