RSS лента

Ақмолада жаппай төбелес орын алды (+видео)

  • 13.09.2021, 12:18,
  • 760
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Polisia.kz

Ақмола полицейлері жаппай төбелеске қатысушыларды оқиға орнында ұстады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Бұзақылық фактісі 8 қыркүйекте сағат 02:51 шамасында “102” пультіне облыс орталығының ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында төбелес болып жатқандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары мен жедел-тергеу тобы дереу жіберілді.

 

Полицейлер анықтағандай, оқиғаға қатысушылар 19-23 жас аралығындағы жастар ойын-сауық мекемесінде болған. Мас күйінде қаскүнемдердің бірі басқа жастардың компаниясына жақындап, жанжал туғызды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында жанжалға қатысушылар оқиға орнында ұсталды. Бұзақылық іс-әрекетке күдік бойынша полицияға барлығы төрт адам жеткізілді, оның ішінде бұрын бұзақылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған бас күдікті – 20 жастағы облыс орталығының тұрғыны.

 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости