RSS лента

10 миллион теңге ұрлаған жастардың видеосы тарады

  • 28.09.2021, 14:37,
  • 531
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: скриншот

Шығыс Қазақстан облысында екі адам 10 млн теңге сақталған сейфті көтеріп кетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

[media=Шығыс Қазақстан облысында екі адам 10 млн теңге сақталған сейфті көтеріп кетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.]


Ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасында Риддер қ. ПБ “102″ жедел арнасына 35 жастағы жергілікті тұрғыннан сағат 07.30-дан 09.30-ға дейінгі уақыт кезеңінде белгісіз тұлға пластикалық терезені сығу жолымен үйіне заңсыз кіріп, қосалқы үй-жайдан жасырын түрде ішінде алтын сақина, үйге арналған құжаттарды, 1843 жылы шығарылған мыс монетасын, “Еңбегі үшін” медалін және сегіз миллион теңге сақталған металл сейфті  ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Жалпы келтірілген материалдық шығын 10 миллион теңгені құрады.

 

– Іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері “ізін суытпай” бұрын бірнеше рет сотталған 30 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Олар ұрланған мүлікті ішінара қайтарған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Оставить комментарий
Последние новости
Все новости