RSS лента

Желіге фото жүктегені үшін сотталды

  • 16.02.2024, 18:03,
  • 405
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Сот жауапкерді «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жарияланымдарды жоюға міндеттеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Талап қоюшы Т.-ның Б.-ға талап қоюшы бейнеленген жарияланымдарды жоюды міндеттеу, моральдық зиянның орнын толтыру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды. Атырау қалалық соты мәлім еткендей, Т. сотқа талап қоюмен жүгініп, жауапкердің интернеттегі «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы өзінің келісімінсіз суретін заңсыз жариялағанын көрсеткен. Ол жауапкердің оның жеке өміріне заңсыз араласып, жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын, соның ішінде өз бейнесіне құқығын бұзды деп санайды. Талап қоюшының бейнесі бейнеленген жарияланымдарды жоюды, 200 000 теңге көлемінде моральдық зиянның орнын толтыруды сұрады.

 

Жауапкердің интернет ресурс арқылы «Facebook» әлеуметтік желісінде жұмыс орнында болған талап қоюшы бейнеленген мақала мен фотосуретті жариялағаны сотпен анықталды. Сот, жауапкер талап қоюшының суретін пайдаланып, оның келісімінсіз жарияланым орналастырған, олар заңсыз жолмен алынуына байланысты талап қоюшының өз бейнесіне құқығы бұзылды деп есептеді.

 

Сот, сондай-ақ жауапкердің әрекеті талап қоюшыға теріс әсер етіп, моральдық азап әкелді деген қорытындыға келді. Осыған байланысты жауапкерден талап қоюшының пайдасына 100 000 теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысы өндірілді. Сот жауапкерге «Facebook» әлеуметтік желісінен талап қоюшы бейнеленген жарияланымды жоюды міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости