Полицияға 39 жастағы азаматша арызбен шағымданды. Ол белгісіз біреу өзінің 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аудару туралы хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама беретінін айтқан.
Полиция қызметкерлері хатты жазған адам анықталды. Оның арызданушының ұлының 15 жастағы сыныптасы екені анықталды. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтты.
Қазіргі уақытта мектеп оқушысын есепке қою, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту сұрақтары қарастырылуда.