RSS лента

«Сөмкемде бомба бар, жарып жіберемін!»

  • 02.08.2021, 15:16,
  • 512
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

45 жастағы атыраулық тұрғын «сөмкемде жарылғыш зат бар, жарып жіберемін» деп жалған хабар таратты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Естеріңізде болса, бұған дейін де біз Атырауда жұмыстан шығарылған ақтаулық тұрғын «зауытқа бомба қойылды» деп басшысынан кек алу үшін полицияға жалған ақпарат бергенін жазған едік.

 

«Полицияға кеше, 1 тамызда сағат 21:45 шамасында жарылғыш зат туралы хабар түсті. Осыған байланысты полиция қызметкерлері арнайы жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Тексеру кезінде 1976 жылы туған азаматтың «Қолымда жарылғыш зат салынған сөмке бар, жарып жіберемін» деп жалған хабар бергені анықталды. Күдікті сол сәтте мас болған.

 

Қазір полицияға жалған хабар берген азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабымен (терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) тергеу жүріп жатыр» делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости