RSS лента

Үкімет мұнай операторларының үстінен талап-арыз түсірді

  • 11.04.2023, 14:42,
  • 463
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚМГ Қашаған Б.В. ресми парақшасынан

Үкімет мұнай операторларының үстінен миллиардтаған долларға талап-арыз түсірді, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Қазақстан үкіметі елдің ірі мұнай кен орындары – Қарашығанақ пен Қашағанды игеретін операторлардың үстінен талап-арыз түсірді. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.


"Үкіметтің өкілетті органы – PSA компаниясы Қарашығанақ пен Қашаған компанияларының үстінен халықаралық арбитражға талап-арыз түсірді. Өкінішке қарай, мен мән-жайды жария ете алмаймын. Бір ғана айтарым, талап-арыз Қазақстан халқының мүддесі үшін берілді", - деді Сәтқалиев.


Қазақстан үкіметі жоба серіктестері Қашаған бойынша 13 млрд доллар, ал Қарашығанақ бойынша 3,5 млрд доллар мөлшеріндегі шығындарды шегермеуі керек деп санайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости