RSS лента

Америкалық компаниямен болған дау шешімін тапты

  • 29.03.2022, 03:51,
  • 341
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

2022 жылғы 25 наурызда 460,1 миллион АҚШ доллары сомасына «Big Sky Energy Corporation» («Big Sky») мұнай компаниясы берген талап арыз бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына шығарылған төрелік шешім күшіне енді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Осыған дейін Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың трибуналы Big Sky мұнай компаниясының Қазақстан Республикасына қарсы барлық талап-арыз талаптары бойынша бас тартып, қорғауға жұмсалған төрелік шығындар үшін Қазақстан Республикасына шамамен 575 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеу туралы шешім шығарған болатын.


Апелляцияның мерзімі 2022 жылдың 24 наурызында аяқталғанын және Big Sky осы шешімнің күшін жою туралы өтініш білдірмегенін ескере отырып, төрелік енді аяқталды деп саналады.

Төрелік процесс барысында Big Sky компаниясы мемлекетпен байланысы жоқ үшінші тұлғалармен жеке келісімшарттарды орындауға байланысты 460,1 миллион АҚШ доллары сомасында елеулі залалды Қазақстан Республикасынан өндіріп алуға тырысты. Бұл ретте Big Sky Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында жасалған инвестициялық келісімнің («Келісім») ережелерін бұзу орын алған болжамдарға негізделе отырып, мемлекеттен залалды өндіріп алуға тырысты.


Қазақстан Республикасы трибуналға Келісімнің ережелерін бұзбағанын және барлық талап қою талаптары бойынша бас тартылуға тиіс екенін анық көрсетті.


Осы істе Қазақстан Республикасының мүдделерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Reed Smith LLP» заң фирмасымен бірлесіп сәтті қорғады.


Бұл шешімге түсініктеме бере отырып, Әділет министрі Қанат Мусин:


«Төрелік трибуналдың шешімі Қазақстан Республикасының негізделген ұстанымын толық растайды. Қазақстан Республикасының осы және басқа да табыстары төрелік талқылауларда мемлекеттің мүдделерін қорғау жөніндегі тиімді стратегияны қамтамасыз ету бойынша ұзақ жылдар бойы жинақталған ауқымды тәжірибені куәландырады. Big Sky әлі күнге дейін Қазақстан Республикасына оған берілген, мемлекеттік бюджетке аударылуы тиіс шығыстарды төлемеген. Қазақстан Республикасы шығыстардың өтемін беру жөніндегі шешімді орындау жөнінде тиісті қадамдар жасайды. Әділет министрлігі тиісті құқықтық тетіктерді пайдалана отырып, шетелдік төреліктерде мемлекеттің мүдделерін білдіру жөніндегі жұмысты жалғастырады» — делінген хабарламада.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости