Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.
«Біз Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін автомобильмен экспорттауға тыйым салуды тағы алты айға ұзартқымыз келеді», — деді министр.
Шектеу осы жылдың соңына дейін созылуы мүмкін. Ал 2023 жылдан бастап бұл тәжірибеден бас тартады.
«Нарықтың жекелеген қатысушылары мұны теріс пайдаланбауы үшін дұрыс нарықтық қатынастарды құруымыз керек», — деп қосты Ақшолақов.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, Қазақстанда КҚК-ға толыққанды балама мұнай экспорттау жолдары жоқ.