RSS лента

Бензин енді сыртқа сатылмай ма?

  • 04.02.2022, 02:53,
  • 773
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Жанар-жағармайды мамыр айына дейін экспорттауға қойылған уақытша шектеу мерзімі ұзартылады.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деді. Сондай-ақ, ол нарықтағы «өнімсіз делдалдарды тізбектен шығару қажеттігін айтты.

- Мақсатымыз – бағаның шарықтап кетуіне жол бермеу. Біз ақылдаса келе бұл жайттың алдын алмақпыз. Яғни шектеудің уақытын тағы да ұзартамыз. Бағаны қалыпты ұстап тұрғаннан бөлек, көтерме жеткізушілердің меншігінде жеке мұнай базаларының болуына баса мән береміз, — деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Министрдің айтуынша, бірінші тоқсаннан бастап, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының базасында мұнай өнімдерінің 150 мың тоннаға жуық қосымша қоры жасақталады. Сондай-ақ, «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамының базасындағы сыйымдылығы 50 мың тоннадай болатын қойманы пайдалану ойда бар екенін айтты.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости