RSS лента

Биыл Қазақстанда мұнай өндіру көлемі төмендейді

  • 06.04.2022, 03:11,
  • 574
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі жыл қорытындысы бойынша екі миллион баррельге төмендейді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.


Бұған дейін 2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру деңгейі 87,5 миллион баррель болатыны жоспарланған еді.


«2 миллион баррельге аздап төмендейді. Барлығы — 85,7 миллион баррель. Бірақ бізде жоғары баға есебінен өтемақы жүріп жатыр», — деп түсіндірді министр Үкімет отырысы аясында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости