Сондай-ақ, келісім мерзімін болашақта да созу мүмкіндігін қарастырды. Сарапшылар бұл шешімге Таяу Шығыстағы мемлекеттердің өзара қайшылықтары реттелген тұста келіп отыр. Бұған дейін талапты орындаудан бас тартқандардың қатарында Біріккен Араб әмірліктері болды. Олар алдымен базалық нұсқауларды қайта қаруды ұсынған еді. Яғни, мұнай өндіруді көбейту немесе азайту барысында есептелінетін квота мәселесіне мән берген. Абу-Даби тарапы осы жерге келгенде әділетсіздік болғанын алға тартады. Нақтырақ айтқанда, олар сол арқылы елдегі өндірісті дамытуға кеткен шығынды қайтару мүмкін еместігін айтқан. Екі аптаға созылған кездесуден кейін Сауд Арабиясы Әмірлік қойған талаптарды орындауға келісім берді. Бірақ жартылай ғана.
Дегенмен бұл шешім Ресей секілді алпауыт елдерге тиімді болып отыр. Солтүстіктегі көршілеріміз енді жылына 21 млн тонна мұнай өндіретін мүмкіндікке ие болды.
Ал Қазақстан тамыздан бастап тәулігіне 1 491 баррель мұнай шығаруға рұқсат алумен қатар, оны әр ай сайын орташа есеппен 16 мың баррельге көтеріп отыратындай квотаға қол жеткізді.