Бұл туралы Атырау өңірлік жеке сот орындаушылар палатасы мәлім етті. Белгісіз азамат өңірлік палата басшыларының бірінің WhatsApp-тағы фотосуретін пайдаланып, өзін «жеке сот орындаушы Абылай Аширбеков» деп таныстырған. Сөйтіп, егер микроқаржы ұйымдар мен екінші деңгейлі банктердегі қарыздарын қайтармаса, мәжбүрлеу шараларын қолданатынын айтып адамдарды қорқытпақшы болған.
Палатада аталған дерек бойынша тиісті органдарға хат жіберлігені айтылды.
«Құрметті азаматтар! Өңірлік палаталардың басшылары мен қызметкерлері ақша аударуды талап етпейді және телефон шалу мен SMS жолдау арқылы жеке мәліметтерді сұрамайды» дейді мамандар.